"21 тамыз күні сағат 12:30-да Темір ауданына қарасты "Покровка – Жаңажол" автожолының 54-ші шақырымында Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылы бағытында Lada Largus автокөлігі аударылып қалған. ЖКО салдарынан автокөлік құралын басқарған 40 жастағы әйел және үш жолаушы (оның ішінде бір бала) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды", – деп жазылған хабарламада.
Ақпаратта көрсетілгендей, бес адам, оның ішінде үш бала Кеңкияқ ауруханасына жатқызылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу