Ақтөбе облысындағы қыздар төбелесіне қатысты сот шешімі шықты

1336

Жәбірленуші тарапқа моральдік шығын төленбек.

Ақтөбе облысындағы қыздар төбелесіне қатысты сот шешімі шықты

Ақтөбе облысы Темір ауданында былтыр 20 қыркүйек күні өздерінен бір сынып төмен оқитын қызды ұрып-соққан қыздардың ата-аналарына қатысты үкім шығарылды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Бейнежазбадан белгілі болғандай, ауданның Кеңқияқ, Сарыкөл, Шұбаршы ауылының жоғары сыныпты оқитын қыздарының арасында қақтығыс болып, олардың ішінен 15 жастағы қыз бала өзінен бір жас кіші қызды шашынан тартып, тепкілеп, ұрып тастайды. Бұл оқиғаға байланысты үш мектеп директоры жұмысынан шығарылып, кейін қайтадан қызметіне қабылданды. Бұл жөнінде сайтта кеңірек жазылған болатын.

Төбелеске байланысты қылмыстық іс оған қатысушылардың жасы он алтыға толмағандықтан қысқартылды. Ал жауапқа тартылған жалғыз қыз бала жәбірленуші тараптан кешірім сұрады. Алайда, таяқ жеген қыздың анасы одан кейін баласының депрессияға ұшырап, өзінен өзі үрейленіп, қорқатын болғанын, елге тарап кеткен бейнежазбаны көріп қалмау үшін ұялы телефонды қолына алмайтынын айтып, 3 млн.теңге моральдық шығын төлеуді талап еткен еді. Оны ұрып-соққан қыздың анасы өз кезегінде оларға да оңай соқпағанын, жылап, кешірім сұрағандарын алға тартқан. Олар сұралған соманы төлей алмайтынын айтып, оның орнына сиыр малын алуды ұсынады. Дегенмен, сот арызданушы талабының бір бөлігін ғана қанағаттандырып, сұралған шығын көлемін азайтып, 400 мың теңге төлеу жөнінде шешім шығарды. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу