Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ақтөбе облысында құлаған Ми-8 тікұшағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бұл дерек бойынша қызметтік тексеру басталды. Апаттың себебі анықталып жатыр. Әртүрлі нұсқалар тексеріліп жатыр. Әзірге басты нұсқа ретінде тікұшақтың техникалық ақауы қарастырылуда", – деді Шайх-Хасан Жазықбаев Сенат кулуарында.
Айта кету керек, осыған дейін Ақтөбе облысында оқу-жаттығу кезінде Ми-8 тікұшағы құлағанын жазған болатынбыз. Авиациялық апат салдарынан офицер-майор қаза тапты. Тағы екі адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу