Ақтөбеде 12 адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апатын ІІМ-нің арнайы тобы тергейтін болды

268

Ержан Сәденов тергеу барысын жеке бақылауға алған.

Ақтөбеде 12 адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апатын ІІМ-нің арнайы тобы тергейтін болды Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасын тергеу үшін арнайы топ жіберді.

Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау және тергеу жүргізу үшін ІІМ орталық аппаратының арнайы тобы әуе бортымен жөнелтілді.

"Ішкі істер министрі тергеу барысын жеке бақылауға алды. Министрдің тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетіледі, соның ішінде мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да қолдау көрсетіледі. Жедел тергеу жүргізу және барлық қажетті шараны орындау үшін тиісті шаралар қабылданатын болады, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Айта кету керек, бұған дейін Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу