Ресейде жол апатынан Қазақстанның 5 азаматы көз жұмды, тағы екі адам ауыр хәлде Тұзтөбедегі ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды КТК.
Ресейлік құтқарушылар марқұм болғандардың барлығы Ақтөбе облысының тұрғындары екенін растады.
Жол апаты түсте Орынбор облысындағы Елшанка ауылы маңында болды. Жүк көлігі жолдан тайып, "Фольсвагенді" соғады.
Қазір жол бойында қаза тапқан 4 адамның кім екені анықталды. Ал бесінші адамның еш құжаты жоқ.
Ресейлік құтқарушылар Халабиб Маханов, Серік Кубинов, Ташимурад Дразгун мен Бағдагүл Делубаеваның туыстарының хабарласуын сұрап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу