Ақтөбе–Астрахань жолының бойында мал өлімі жиіледі

132

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, апаттардың жиі болуына жол жиегіндегі сапасыз қоршаулар себеп.

 Ақтөбе–Астрахань жолының бойында мал өлімі жиіледі Фото: qyzyljarnews.kz

Көпшілік жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында қоршауларды сапалы материалдан қайта орнатуды сұрап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

"Мал торды жарып өтіп, жолға шығып кетеді. Кейін кірген жерін таба алмай, жол үстінде қалып қояды. Бұл жағдай әсіресе түн мезгілінде үлкен қауіп тудырады. Мына қоршаудың пайдасынан зияны көп. Тор өте әлсіз жасалған", – дейді жергілікті тұрғындар.

Соңғы күндері бір тәулікте 3 жылқыны, келесі күні тағы 3 жылқыны көлік қаққан. Тұрғындар тарапынан жергілікті билік пен жолды күтіп ұстаушы мекемелерге мәселені назарға алып, тиісті шара қабылдаса деп өтініш жазылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу