Ақтөбе облысында жүк көліктері соқтығысып, екі адам көз жұмды

618

Батыс Қытай - Батыс Еуропа халықаралық дәлізінде екі жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында екі жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында жүк көліктері соқтығысып, екі адам көз жұмды Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Оқиға 9 қазан күні болған. "SHACMAN" автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Мәртөк ауданынан​ Ақтөбе қаласына қарай келе жатып,​ тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шыққан.

"Көлік Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы "SHACMAN" автокөлігімен соқтығысқан.​ Апат салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Ақтөбе облысының полицейлері​ қозғалыстың қауіпсіз жылдамдығын таңдап, қарсы​ жолаққа шыққан кезде шұғыл маневрден аулақ болуға шақырады", – деді облыстық ПД баспасөз кызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу