Ақтөбеде 3 бала мен оларды құтқармақ болған әкесі суға батып кетті

1401

ТЖД тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Ақтөбеде 3 бала мен оларды құтқармақ болған әкесі суға батып кетті Фото: stock.adobe.com

Ақтөбе облысында бір отбасының төрт адамы суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға 3 тамызда Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында болған.

Ырғыз өзенінде суға түсіп жүрген бір отбасының 4 адам батып кетті. Олар 13,11 және 7 жастағы балалар, сондай-ақ оларды құтқаруға тырысқан 39 жастағы ер адам.

Айта кетейік, ер адам өзінің балалары мен туысын құтқаруға тырысқан. Алайда ол мүмкін болмаған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балалар ата-аналарымен бірге болғанын айтты.

Мәйіттерді іздеумен құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар айналысып, оларды судан шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу