Оқиға 5 желтоқсан сағат 22:00 шамасында орын алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, "Lexus" көлігінің жүргізушісі алдындағы "Subaru" көлігін соққан. Соққының әсерінен жол бағытын өзгертіп кеткен "Subaru" қарсы бағытта келе жатқан "Chevrolet Cobalt" көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан "Subaru" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы 3 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Полиция апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу