Бүгінде жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты айыптау үкімі шығарылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаза кетейік, Ақтөбе облысында әкесі мен 3 баласының өмірін қиған жол апатына қатысты іс қайта қаралды. Онда бұрын ақталған Қырғызстан азаматы, жүк көлігінің жүргізушісі Рамазан Инфуров қайта кінәлі деп танылған.
Алғашында жол талғамайтын көлікті басқарған әйелге айып тағылған-ды, сот оны кейін ақтап шықты. Сол себепті, тергеу жүк көлігінің жүргізушісі, Қырғызстан азаматы Рамазан Инфуровқа қатысты жүргізілген. Айыптау тарапының мәліметінше, апаттың болуына Volvo жүк көлігінің қарсы жолаққа шығып кетуі тікелей әсер еткен.
Іс алқабилердің қатысуымен қаралған. 2026 жылдың 16 наурыздағы алқабилердің көпшілік даусымен жүргізуші кінәсіз деп танылған. Десе де, 29 сәуірде бұл ақтау үкімі жойылды. Себебі, сот алқасы істі қарау кезінде алқабилер құрамына жанама түрде мүдделі және өз міндеттерін атқаруға дайын емес адамдардың енгізілгенін анықтаған.
19 маусымда іс қайта қаралып, алқабилер "Рамазан Инфуровтың кінәсі дәлелденді" деген шешім шығарған. Ол жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, салдарынан 4 адам жан тапсырған.
Сол себепті, жүргізушінің 5 жылға бас бостандығы шектеліп, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі ең төменгі мекемеде өтейді.
Сондай-ақ, процессуалдық шығындарды өтеуге 22 355 теңге көлемінде, зардап шеккендерге өтемақы қорына 51 750 теңге төлеуге міндеттеліп отыр.