Ақтөбеде 9 тәулікте 4 мың көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған

1089

Ақтөбеде 9 тәулікте 4 мың көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған

Ақтөбеде 9 тәулік ішінде 4 мың көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған. Облыс аумағында өткен "Жүргізуші" жедел алдын алу шарасы кезінде оларға қатаң шара қолданылды, деп хабарлайды 24.kz. 

Ішімдік ішіп көлік айдаған 100 ақтөбелік анықталды. Бұрын құқық бұзып, куәлігінен айырылған 99 жүргізуші мен мүлде құжаты жоқ 100 адамның заңсыз көлік тізгіндегені белгілі болды. Жалпы, жыл басынан бері 281 жол көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға көп. Жол апаты кезінде 35 адам қайтыс болған. Жараланғандардың саны – 357 адам.
"Азаматтардың бәрі де әкімшілік жазаға тартылып отыр. Мұның сыртында 8 адам мас күйінде ұсталып отыр. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберіліп отыр. Өйткені жол оқиғаларын болдырму мақсатында іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - дейді облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы Қаныбек Жақсығалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу