Ақтөбеде әкесінің көлігін мініп кеткен 13 жастағы бозбала қаза тапты

92

Жол апаты осыдан үш күн бұрын болған.

Ақтөбеде әкесінің көлігін мініп кеткен 13 жастағы бозбала қаза тапты Фото: avtoshkola177.ru

Ақтөбе облысында тағы бір оқушы көлік апатынан қаза тапты. 13 жасар жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз мініп кетіп, апатқа ұшыраған, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, жол апаты 27 қазанда тіркелген екен.

"13 жастағы жасөспірім әкесінің автокөлігін рұқсатсыз алып, елді мекен аумағында келе жатқанда көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі кюветке аударылып кеткен. Бала жарақат алып, ауруханаға түскен. Алайда дәрігерлер бар амалды жасаса да ажалдан арашалай алмады", – деп хабарлады департамент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу