Ақтөбеде айуандықпен өлтірілген 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлына қатысты жаңа дерек айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, Жилгородок (Тұрғындар қалашығы) ауданында аталған отбасы отбасы шамамен 5-6 жылдан бері тұрып келген. Көршілері әйел мен оның балалары әрдайым сабырлы болғанын, ешкіммен жанжалдаспағанын айтады.
Еске салайық, бүгін 29 наурызда таңертең Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ер баланың мәйіті табылған болатын. Марқұмның ауыр жарақаттан қансыраған 13 жастағы қызы ауруханаға жеткізілген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыз жансақтау бөлімінде жатыр, оған ота жасалған.