Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам ауруханаға жеткізілді

209

Биыл Ақтөбеде 400-ден астам жол-көлік оқиғасы болып, онда 94 адам көз жұмды.

Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам ауруханаға жеткізілді Фото: Бейнежазбадан

Ақтөбе қаласында №29 бағыттағы автобус пен жүк көлігі соқтығысып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Полиция көлік жүргізушілеріне жол ережесін қатаң сақтауды ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, №29 бағыттағы автобус соңғы аялдамадан қозғалған.

– Ақтөбе-Орск тасжолында автобус пен жүк көлігі арасында жол-көлік оқиғасы болып, жүргізуші мен жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Облыстық Полиция департаменті жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оқиға орнына жедел жәрдем барып, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті.

– Автобустың 32 жастағы жүргізушісі жабық бас-ми жарақатымен Ақтөбе облыстық көпсалалы аурураханаға жеткізілді. Сонымен бірге, 55 жастағы жолаушының оң жақ иығы шығып кеткен. Ол да ауруханада жатыр. 73 жастағы қария жабық бас-ми жарақатын алды. Оң жақ иығының буындары ауырып, дәрігерлерге қаралды. Кейін ол да облыстық көпсалалы аурухағана жеткізілді. Ал, жүк көлігінің жүргізушісі дәрігерге қаралмады, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу