Ақтөбеде Азия чемпионы Дәулет Хайролла оқ тиіп, көз жұмды

2876

Ол келесі аптада ел кубогы үшін өтетін жарысқа қатыспақ екен.  

Ақтөбеде Азия чемпионы Дәулет Хайролла оқ тиіп, көз жұмды

"Ақтөбе қаласында 4 ақпан күні бір топ жастар таныс қыздың туған күнін атап өту үшін қаланың ескі бөлігінде үй жалдаған. Шара барысында жастар арасында қақтығыс болып, соның салдарынан 18 жастағы жігіт атыстан көз жұмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды және ол кісі өлтіргенін толық мойындап, полиция қызметкерлері тәркілеген қылмыс құралын жасырған жерді көрсетті. Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің бапасөз қызметінен.

Қайтыс болған жігіттің киокушинкай каратеден 2018 жылғы Азия чемпионы, қоңыр белбеу иегері Дәулет Хайролла екені кейін жария болды. Спортшы әуел баста қала шетіндегі думанға досына қолдау көрсету үшін келген екен. Ерегіс кезінде оған кездейсоқ оқ тиіп, көз жұмады. Оны атқан өзі қатарлы, 18-19 жас шамасындағы жігіттер шошып кетіп, Дәулеттің денесін көліктеріне салып, әрі-бері жүріп, ақыры қаладағы Орталық стадион маңындағы көлікте қалдырып кеткен деген дерек бар. Дәулет Хайролла алдағы аптада ел кубогы үшін өтетін жарысқа қатысқалы отыр екен.

Өкінішке қарай, ел ертеңінен үміт күткен спортшы жастардың қаңғыған оқтан қыршын кеткен жағдайы тек бұл емес. Былтыр күзде Атырау облысында грэпплингтен әлем чемпионы атанған Есенбек Сиғуатовтың осындай төбелес кезінде көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу