Ақтөбеде бұрынғы әкім 3 жылға сотталды

630

Ақтөбе қаласында Алматы ауданының әкімі алаяқтық бабы бойынша сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтөбеде бұрынғы әкім 3 жылға сотталды Фото: inform.kz

Ақтөбе қаласының №2 соты К-ға қатысты ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 2 тармағы бойынша (алаяқтық) қылмыстық істі қарады.

"К лауазымды адам бола тұра өзінің қызметтік бабын асыра пайдаланғысы келген. Яғни 2020 жылдың сәуір, тамыз айларында бұрынғы танысы Қ-ға жер телімін алып бермек болып, жалпы сомасы 1 383 915 теңге алған", – делінген хабарламада. 

Сотта ол кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ оның кінәсі Kaspi Gold қосымшасы арқылы жіберген ақша аударымдары арқылы расталды.

Сот К-ны кінәлі деп таныды. Оны мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Абат Көбенов биыл ақпаннан бастап қыркүйекке дейін Ақтөбе қаласының Алматы ауданының әкімі болды. Бұған дейін Ақтөбе әкімдігі аппаратын басқарды және басқа да қызметтерде істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу