Оқыс оқиға жетінші тамызда тіркелген. Департамент таратқан мәліметке сәйкес, өзінің саяжайындағы үйде Opel Astra көлігінің 48 жастағы жүргізушісі артқа қозғалған уақытта байқаусызда баласын қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан басынан ауыр жарақат алған бала бірден облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылған.
"Ақтөбе облысының полиция департаменті жол үстінде, әсіресе аулаларда аса абай болуға шақырады. Егер қозғалыс барысында артқа жүрем десеңіз, автокөліктің неемесе адамның жоқтығына көз жеткізіп алыңыз. Әсіресе ата-аналар жаспірім балаларды жолдың өтетін бөлігіне жалғыз қалдырмаңыздар", - деп ескертеді полиция қызметкерлері.