Өзгенің көлігін жүргізіп кеткен күдіктілер полицияны көріп, қаша жөнелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
Жол ережесін бұзғандар басқа көлікке соқтығысып, салдарынан өрт шыққан. Апаттан екі адам ауруханаға түсті.
Облыстық ПД баспасөз қызметі сауда үйі автотұрағынан Daewoo Nexia автокөлігі ұрланғанын хабарлады. Кейіннен патрульдік полиция ұрланған көлік жүргізушісінен тоқтауын талап еткен. Десе де, ол ешкімге бағынбай, жылдамдықты асыра жөнелген.
– Ізге түсу кезінде күдіктілер Кеңес Нокин даңғылында қарсы жолаққа шығып, ВАЗ автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан екі автокөліктен де өрт шыққан. Жол-көлік оқиғасынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Екі күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Көлікті заңсыз айдап әкету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.