Ақтөбеде көлікпен соқтығысқан мопед жүргізушісі комаға түсті

433

Мопедті тізгіндеген жасөспірім қарсы келе жатқан көлікке жол бермей, соқтығысқан.  

Ақтөбеде көлікпен соқтығысқан мопед жүргізушісі комаға түсті Фото: google.com

Облыстық Полиция департаменті мопедті 16 жастағы жүргізуші басқарғанын айтты. Ол Қонаев көшесінен Шернияз көшесіне қарай солға бұрылмақ болып, қарсы келе жатқан көлікке жол бермеген. Соқтығыс салдарынан жасөспірім он метр жерге ұшып кеткен, деп хабарлайды  inbusiness.kz Rikatv.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға сәті бейнетіркегішке түсіп қалған. Аурухана мәліметінше, қазір ол комада жатыр.

"Бас-ми жарақаты, ми жарақаты, самай сүйегі сынған. Баланың жағдайы ауыр", - деп түсіндірді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов.

Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу жалғасып жатқанын айтты. Жасөспірімнің жүргізуші куәлігі болмаған, мопедті туыстары сыйлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу