Ақтөбеде жол апатынан мектеп оқушылары көлікте тірідей жанып кетті

22773

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты Сағашилі ауылының тұсында жол апаты орын алып, 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде жол апатынан мектеп оқушылары көлікте тірідей жанып кетті Фото: Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы

Бүгін таңғы сегіз жарым шамасында Toyota Hilux және LADA Largus автокөліктері соқтығысқан. LADA Largus көлігі жанып кеткен.

Ақтөбе әкімдігі жол апатынан 8 адамның қаза тапқанын растады. Оның төртеуі – бала.

Қаза тапқандардың бәрі LADA Largus маркалы көлігінде болған. Жанып кеткен мүрделерді сараптамасыз анықтау мүмкін емес.

Апатқа ұшыраған LADA Largus көлігін Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылының тұрғыны жүргізген. Қаза болған сегіз адамның бірі – LADA Largus көлігінің жүргізушісі.

"Ол – Ақтөбе мен Кеңқияқтың арасына екі мың теңгеден ақы алатын қанағатшыл таксистің бірі еді", – дейді ауылдастары.

Жол апатынан кейін өртеніп кеткен көлікте Кеңқияқпен іргелес Саркөл ауылының бес тұрғыны болған. Саркөлдік ер адам 12 жастағы ұлымен бірге, ал егде әйел төртінші және алтыншы сыныпта оқитын екі немересімен бірге қаза тапты.

"Саркөлдің тұрғыны жиен қыздарын Ақтөбеге дәрігерге көрсетуге алып бара жатқан. Ер адам жолға 12 жасар ұлын алып, жеке шаруасымен шыққан", – дейді Темір ауданы Саркөл ауылының әкімі Мәди Сүйіншалин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу