Ақтөбеде колония қызметкерлері шоколадты батончиктен марихуана тәркіледі

1134

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінің қызметкерлері облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге түзеу мекемесіне марихуана затын тасымалдау әрекетінің жолын кесті.  

Ақтөбеде колония қызметкерлері шоколадты батончиктен марихуана тәркіледі

Сәлемдемемен келген шоколадты батончиктің ішіне 16 пластикалық шприц сауытына мұқият жасырған марихуананы Ақтөбе қаласының тұрғыны қамауда отырған сотталған жұбайына жеткізбек болған.

"Сәлемдемені жіберуші өз кінәсін жазбаша түрде толық мойындады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматша есірткі заттарын өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен қатар, 1 жыл бойына мекемеге кездесуге келу мүмкіндігінен айырылады.

Атап өту керек, түзеу мекемесінің қызметкерлері мекемеге кіруге тыйым салынған есірткі заттарын тәркілеп, оларды тасымалдау әрекетінің жолын кесіп келетіндіктен, жазасын өтеуші сотталғандар осы тектес түрлі қитұрқы әрекеттерге барып, ҚАЖ қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіруді көздейді", - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев.

Жалпы, 2020 жылдың қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері түзеу мекемелеріне кіргізуге тыйым салынған төмендегідей заттарды: 600 граммға жуық есірткі заттарын, 1,5литр спирттік ішімдіктерді, 160-тан астам мобильді құрылғылар мен 300 мың теңгеге жуық ақшаны алып өту және пайдалану фактілерінің жолын кесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу