Ақтөбеде мектеп директорлары отырған көлік аударылды

1484

Оның ішінде төрт мектеп директоры болған.  

Ақтөбеде мектеп директорлары отырған көлік аударылды

Ақтөбе облысында төрт бірдей мектеп директоры мінген көлік аударылып, олардың екеуі сол жерде қаза тапты. Қалған екеуі ауыр халде ауруханда жатыр, - деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға жайлы 19 маусым күні 20:20 сағатта хабарланады. "Тойота Ленд Крузер Прадо" автокөлігінің жүргізушісі Ойыл ауылынан Қобда ауылына қарай жүріп келе жатып, жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, рөлді басқара алмай, автокөліктің қозғалыс бағыты бойынша сол жаққа аударылуына жол берді. Соның салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, тағы екі жолаушы бірнеше жарақатпен Ойыл аудандық орталық ауруханасына жатқызылды" деп хабарлайды ПД.

Белгілі болғандай, көлік салонында болғандардың барлығы Ақтөбе қаласындағы мектептердің басшысы. Оның ішінде, №20 мектеп директоры Бағдат Үрімбаева мен №33 мектеп директоры Альмира Орақова көз жұмған. Бұдан басқа, №25 мектеп директоры Шолпан Байәділова мен Новый орта мектебінің директоры Ақгүл Қисықова аудандық аурухананың жансақтау бөлімшесінде жатыр.

 "Науқастардың сүйегі бірнеше жерден сынған. Оларға шағын ота жасап, қан құйдық. Қазіргі күні екеуі де есін жиды, туған-туыстары ауылға келді, жағдайларынан хабардар болып отыр. Жағдай тұрақталғанша осында болады", - дейді Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу