Ақтөбеде онлайн казино жабылды

184

Онлайн казино ойыншыларынан тартылған қаражаттың жалпы 375 млн. теңге құрады.

Ақтөбеде онлайн казино жабылды Фото: gov.kz

Ақтөбе облысының прокуратурасы интернет казино ұйымдастыру бойынша қылмыстық істі сотқа жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Аймақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті онлайн казино режимінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған және басқарған 4 адамға қатысты қылмыстыұ істі аяқтады.

"Онлайн казино ойыншыларынан тартылған қаражаттың жалпы 375 млн. теңге құрады.

Анықталғандай, онлайн казино ойыншылары 22-30 жас аралығындағы жастар болды.

Бұдан бөлек, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық қудалау органымен қылмыстық жолмен табылған жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қамауға алынды", - делінген хабарламасында.

Ақтөбе облысының прокуратурасы азаттық-ойындар "игромания" және "лудомания" сияқты ауыр аурулардың дамуына себеп болатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу