Ақтөбеде өрт сөндірушілер 11 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қаладағы 12 шағын ауданындағы 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 8-ші қабаттағы пәтерде жиһаз жанды. ТЖД күшімен жоғарғы қабаттардан баспалдақпен 11 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды", - делінген ведомство хабарламасында.
Белгілі болғандай, зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын - ала себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы екендігі анықталды.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 33 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу