Ақтөбеде орын алған жол-көлік оқиғасынан 3 адам қаза тапты

660

Екі адам ауруханаға түскен.

Ақтөбеде орын алған жол-көлік оқиғасынан 3 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы кезінде 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте "Самара-Шымкент" автожолының 1139 шақырымында жол апаты орын алды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысына бағыт алған "Тойота-Камри" рөліндегі тәжікстандық азамат жол тайғақтығынан қарсы жолаққа шығып кеткен. Осылайша қарсы келе жатқан "МАН" жүк көлігімен соқтығысқан. Оның рөлінде Өзбекстан азаматы екен.

"ЖКО салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмып, түрлі дене жарақатын алған үшеуі Ырғыз орталық аудандық ауруханасына жеткізілген, оның бірі сонда қайтыс болды",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу