Ақтөбеде полициядан қашпақ болған көлік жүргізушісі жөндеу жүріп жатқан жолдың шұңқырына түсіп кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол қатты жылдамдықпен келіп, қазылған жерге қойылған қоршауды бұзып өтпек болыпты.
Оқиға қаланың қақ ортасындағы Қобыланды батыр атындағы стадион жанында орын алды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, көлік жүргізушісі мас күйінде рөлге отырған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу