Ақтөбеде суға кеткен 2 адамның денесі 3 күннен соң табылды

161

Ор өзеніне ағып кеткен 2 адамның мәйітін құтқарушылар бірнеше күннен кейін тауып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде суға кеткен 2 адамның денесі 3 күннен соң табылды Фото: zhaikpress.kz

25 маусым күні 1959 жылы туған жергілікті тұрғын мен оның кәмелетке толмаған немересі Құдықсай ауылынан Toyota Hilux автокөлігімен Бозжыр аумағына қарай шығып, қайтып оралмағаны туралы хабар келіп түскен.

Шұғыл түрде іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, оған ТЖД-ның сүңгуір тобы тартылды. 

"26 маусым күні сағат 19:30 шамасында Құдықсай ауылы маңындағы Ор өзенінің арнасын зерттеу барысында автокөлік табылды. Сүңгуірлер жүргізген жұмыстар нәтижесінде 2,5 метр тереңдіктен, жағадан 4 метр қашықтықта баланың денесі, сондай-ақ көлік пен ер адамның денесі судан шығарылды", – деп хабарлады Ақтөбе облысы Төтенше жағдай департаменті.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу