Ақтөбеде тағы да оқушы өлімі

434

Қайғылы жағдай Ақтөбе қаласында болған.

Ақтөбеде тағы да оқушы өлімі Фото: azattyq-ruhy.kz

Елек өзеніне барған 15 жастағы бала суға кетіп қалды. Құтқару қызметіне сағат 18-55-те хабарлама түскен.  Мектеп оқушысының денесін сүңгуірлер 3 метр тереңдіктен алып шықты. Жағадан 50 метр қашықтықтан тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, бала суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылған. 

Жыл басынан бері  Ақтөбе облысы аумағындағы өзен-көлдерде 8 адам суға кетіп қайтыс болды.Оның арасында бесеуі - бала. 

Ақтөбеде судағы демалыс орындары жұмысын 1 маусымда бастады. 67 нысанның 44-і - коммуналдық. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде екі жасөспірімнің суға батып кеткенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу