Ақтөбеде терезеден құлаған сәби көз жұмды

1135

Полиция терезедегі москит торына сенбеуді сұрайды.

Ақтөбеде терезеден құлаған сәби көз жұмды

Биыл Ақтөбе облысында бес бала көп қабатты үйдің терезесінен құлаған. Өкінішке қарай, оның өмірін құтқару мүмкін болмаған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласында 30 маусым күні екі жасар бала үйдің бесінші қабатынан құлап кеткен еді. Бұл кезде оның анасы ас үйге кетіп, сәби қараусыз қалған. Өкінішке қарай, түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылған бүлдіршін сол жерде бірнеше күн жатқаннан кейін, беті бері қарамастан қайтыс болды. 

"Жаз мезгілі келгенде баланың қараусыз қалғандықтан терезеден құлау, суға кету сияқты оқыс жайларға ұшырауы жиілеп кетеді. Сол себепті, ата-аналарға үйдегі барлық жиһазды бала шыға алмайтындай етіп терезеден алыс орналастыру, бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезеге арнайы бекіткіштерді орнату жайында айтып отырамыз. Көпшілігі терезедегі москит торы сәбиді құлап кетуден сақтайды деп қамсыз жүреді, негізінде, ол тек шыбын-шіркейден қорғауға ғана арналған", – дейді Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.

Облыста мұндай қайғылы деректер жыл сайын қайталанып отыр. Оның алдын алу үшін Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары "ақылды терезе" әдісін ойлап тапқаны жөнінде бұған дейін жазған болатынбыз.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу