Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard маркалы жеңіл автокөлігі мен Volvo маркалы жүк көлігі қарсы бағытта соқтығысқан. Оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 3 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды.
Оқиға болған жерді қарау барысында жол жамылғысының асфальтбетон екені, көріну қашықтығының шектелмегені және учаскенің түзу екені анықталды.
Аталған учаскеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде; жұмыс жүргізу рұқсатына сәйкес тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін шектеу енгізілген.
Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.