Қарғалы ауданы Қосестек ауылында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Полиция оқиға орнына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, – деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу