Ақтөбеде жарамсыз сертификат алған ана әкімнен кешірім сұрады

2359

Ақтөбеде "сертификат дауына" байланысты арнайы брифинг өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ақтөбеде жарамсыз сертификат алған ана әкімнен кешірім сұрады

Ақтөбеде бес баланың анасы Айсұлу Күздібаеваның облыс әкімінің қолынан алған 2 млн теңгелік сертификаты жарамсыз болып шыққаны жөнінде бұған дейін жазған болатынбыз.

Осы мәселеге орай баспасөз мәслихаты өтіп, оған облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Көпенов, "Әзірбайжандар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Шахбаз Илал-Оглы Джамалов бен Айсұлу Күздібаева қатысқан. 

Онда түсіндірілгендей, 1 наурыз "Алғыс айту" күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы ғимаратында өткен салтанатты шарада этномәдени бірлестіктерінің атынан бірқатар азаматқа сертификаттар табысталған. Шара кезінде "Әзербайжандар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігі жастар қанатының атынан Айсұлу Күздібаеваға 2 млн теңгенің сертификаты беріледі. 

"Бұл - Айсұлу Күздібаеваның үйін жөндеп, жиһаз алуға кеткен қаражат сомасы көрсетілген сертификат болатын. Онда облыс әкімінің қолы да, мөрі де жоқ. Бұл қаражатты облыс әкімі бөлген жоқ. Онда біз жасаған жұмыстың жай ғана шығыны көрсетілген", - дейді "Әзірбайжандар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Шахбаз Илал-Оглы Джамалов.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет "бұл жерде түсінбеушілік болғанын" айтып, көпбалалы анадан кешірім сұрады. Өз кезегінде Айсұлу Күздібаева да облыс әкімінен кешірім сұрап, "дұрыс түсінбей қалыппын" деп ақталды.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу