Ақтөбеде кәмелетке толмаған баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына порталына сілтеме жасап.
Оқиға 17 қаңтар күні Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік даңғылының бойында кешкі уақытта болған. Белгісіз автокөлік жүргізушісі 12 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.
"Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Opel Astra автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісін ұстады. Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611-бабы 2-бөлігі (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұза отырып жол-көлік оқиғасы болған орнын қалдыруы) бойынша әкімшілік іс қозғалды", 7- делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, медициналық тексерістен кейін жасөспірім бала үйіне қайтарылды.