Ақтөбеде жеңіл көлік пен скутердің соқтығысуынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты

1070

28 маусым Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан даңғылының бойында Нұр-Ғасыр мешітіне қарама-қарсы Ваз 21103 автокөлігі мен кәмелетке толмаған баланың басқаруындағы скутер соқтығысты.  

Ақтөбеде жеңіл көлік пен скутердің соқтығысуынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты Фото: polisia.kz

Салдарынан скутердің жүргізушісі 17 жастағы жасөспірім Ақтөбе қаласының Балалар ауруханасына жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан жансақтау бөлімшесінде қайтыс болды. Скутердің жолаушысы 19 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу