Ақтөбеде жол апатынан 8 адам зардап шекті

297

Тексеру барысында екі автокөліктің де жүргізушісі бұған дейін әкімшілік жауапқа тартылған болып шықты. 

Ақтөбеде жол апатынан 8 адам зардап шекті Фото: видеодан алынған кадр

"Самара-Шымкент" тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, адамдарға көмек көрсету үшін жедел жәрдемнің 5 бригадасы жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға "Самара-Шымкент" автожолының Өлке ауылы маңында болды. Лада Ларгус және Тайота Эстима автокөліктері соқтығысып, екі автокөліктің де жүргізушісі және 6 жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды.

"Тексеру барысында екі автокөліктің де жүргізушісі бұған дейін әкімшілік жауапқа тартылған болып шықты. Олар 12 және 13 наурыз күндері жол қозғалысы ережелерін бұзған", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевтің айтуынша, оқиға орнына бірден 5 бригада жіберілген. Оларды дәрігерлер қарап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу