Ақтөбеде жол апатынан анасы мен баласы қаза тапты

210

Жеңіл көлік жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен.  

Ақтөбеде жол апатынан анасы мен баласы қаза тапты Фото: РБК

Ақтөбе-Атырау тасжолының Темір ауданы аумағында жеңіл және жүк көліктері соқтығысып, салдарынан 31 жастағы әйел мен оның 3 жасар баласы көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Апат салдарынан көліктегі жүргізуші мен 10 айлық сәби түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

- Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Көлік құралын басқару ережесін бұзу") бойынша іс қозғалып, тергеу басталды, - деді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазіргі таңда жарақат алған жүргізуші үйіне шығарылған. Ал 10 айлық қыз бала Ақтөбе облыстық Көпсалалы балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу