Ақтөбеде жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды

520

Үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақтөбеде жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды Фото: polisia.kz

7 сәуір күні Lada Priora автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі Жаңажол-Сарыкөл автожолымен (Сарыкөл ауылынан 4 км қашықтықта) жүріп келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, 68 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Renault Daster автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ЖКО салдарынан Lada жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан Кеңқияқ ауылы ауруханасының қабылдау бөлімінде көз жұмды.

Lada-да болған бір жолаушы мен Duster көлігіндегі үш жолаушы, арасында екі кәмелетке толмаған бала Кеңқияқ ауылындағы ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу