Ақтөбеде жол апатынан кейін жүргізушіге көмектеспек болған ер адам қаза тапты

459

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақтөбеде жол апатынан кейін жүргізушіге көмектеспек болған ер адам қаза тапты Фото: polisia.kz

18 тамызда Сhevrolet Lanos автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе - Родниковка автожолымен жүріп келе жатып, Ақшат ауылы маңында жолдан өтіп бара жатқан жылқыға соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушіге көмек көрсету үшін екінші көліктің 46 жастағы жолаушысы жүгіріп келген. Осы кезде басқа Nissan Note Hybrid автокөлігінің жүргізушісі жолда жатқан жылқыға соғылып, қозғалыс бағытын өзгертіп, көмекке келген ер адамды қағып кеткен.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу