Ақтөбеде жол апатынан жарақат алғандардың жағдайы ауыр

859

Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, 3 адам көз жұмды, 10 адам ауруханаға жеткізілді. 

Ақтөбеде жол апатынан жарақат алғандардың жағдайы ауыр Фото: inform.kz

Қазіргі уақытта жағдайы аса ауыр 2 адам облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі "Жаңажол-Северная Трува" тасжолында көлік апаты болып, жұмысшылар мінген автобус пен су таситын машина соқтығысты. Үш адам оқиға орнында көз жұмды. 

"18 наурыз күні сағат 7:45-те жол-көлік оқиғасы болды. Барлығы 14 адам зардап шекті, "КСБ Групп" күзет қызметінің 2 жұмысшысы көз жұмды. Сонымен қатар, екеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде қайғылы жағдай бойынша хабарлама түсті, тексеру жүреді. Күзет компаниясы Атырау облысына қарағанымен, жұмысшылардың бәрі ақтөбелік", ­– деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекция басқарасының инспекторы Әсел Башкенова.

Жағдайы аса ауыр науқастар облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер 2 апта бойы ем жүргізетінін хабарлады.

"Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен екі науқас Ақтөбе жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Науқастардың жағдайы ауыр. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Бір науқаста бас-ми жарақаты бар, өкпесіне зақым келді. Қазір алғашқы көмек көрсетілді. Науқас есін жиып, сөйлей алады. Екінші науқастың да жағдайы ауыр. Ол да бас-ми жарақатын алған, іс-құрылысы зақымданған. Дәрігерлер ота жасайды", – деді Ақтөбе жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Жакия Байзуллин.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу