Бір апта ішінде облыс аумағында 4 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам қаза болды. Тағы бірнеше адам түрлі дене жарақатын алды.
Жол-көлік оқиғасы кезінде жылдамдықты асыру, көлік жүргізу кезінде таңғы уақытта ұйықтап кету фактілері де көбейіп отыр.
"Облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда таңғы уақытта барлық көлік құралын тоқтатып, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Жол қозғалыс ережесін қатаң сақтауға талап етеміз. Жол қателікті кешірмейді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.