Жол апаты кезінде Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысқан. Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушысы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың хабарлауынша, зардап шеккен азамат жабық бас ми жарақатын, жамбасы сынып, екінші дәрежелі шок алған. Комаға түскен. Қазір дәрігерлердің бақылауында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу