Ақтөбеде жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан мектеп оқушыларын көлік қағып кетті. Салдарынан 9 сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
"24 наурыз күні жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қобда тасжолымен жүріп келе жатқан "Опел-Вектра" көлігінің жүргізішісі Едіге батыр даңғылындағы жүргіншілер жолында кәмелетке толмаған 2 баланы қағып кетті. Оқиға орнында 9 сынып оқушысы көз жұмды. Тағы бір оқушы облыстық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, осы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. 20 жастағы жүргізушінің ішімдік ішпегені анықталды. Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
Айта кетейік, жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 27 бала түрлі дене жарақатын алды.