Соңғы жылдары алаяқтық қылмыс түрі көбейіп келеді, алайда ауылдастарының малын онлайн түрде ұтылған ақшасының берешегін өтеуге жұмсаған жағдай кездеспеген еді. Ақтөбе облысы Темір ауданында осындай "жаңашыл" ұрыға байланысты тергеу ісі басталды, деп жазды inbusiness тілшісі.
Белгілі болғандай, Темір ауданының 39 жастағы тұрғыны онлайн түрдегі мөлшерлеме (ставка) ойындарға әуестеніп, көп ақшаға ұтылып қалады. Қарызын қайтарудың жолын ойлаған ер адам "сатып, ақшасын берем" деп ауылдастарынан мал ала бастайды. Осылайша, бір танысынан ол 6 ірі қараны 1 млн. теңгеге саудаласып алған екен. Бірақ, малды сатудан түскен ақшаны ол түгелдей онлайн-мөлшерлемесін өтеуге жұмсап отырыпты.
Қазіргі күні күдікті кінәсін толық мойындаған. Оған қатысты ҚР ҚК 190 "алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Құралай Қуатова