Ақтөбедегі жол апаты кезінде 3 кенші қаза тапты

822

Қайғылы жағдай кеше кешкі уақытта болды.

Ақтөбедегі жол апаты кезінде 3 кенші қаза тапты Фото: Әлеуметтік желіден

Оқиға Самара – Шымкент тасжолының Хромтау қаласы маңында тіркелді. Жол апатында жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаза тапқандар – кеншілер, Дөң кен-байыту комбинатының жұмысшылары. Олар өз жеке көлігімен жүрген.

– Хромтау қаласы маңында Audi және ГАЗель автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізу кезінде қайтыс болды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептері анықталып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу