Ақтөбеде 12 адам қаза тапқан жол апатынан аман қалғандардың барлығы ем қабылдап жатыр

108

1 науқас әлі күнге дейін есін жимаған.

Ақтөбеде 12 адам қаза тапқан жол апатынан аман қалғандардың барлығы ем қабылдап жатыр Фото: inbusiness.kz

Самара-Шымкент тасжолындағы жол-көлік апатында зардап шеккен жолаушылардың алтауы Ақтөбе қаласындағы емдеу орындарына жеткізілді.

Қазіргі кезде 4 науқас №1 Ақтөбе қалалық ауруханасында, біреуі Ақтөбе көпсалалы ауруханасында, 1-еуі балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"№1 Ақтөбе қалалық ауруханасында жатқан төрт науқастың 3-еуі есін біледі, жағдайы жақсарып келеді. Ал 1 науқас – ес-түзсіз күйде. Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында жатқан жасөспірімнің бірнеше жарақаты бар. Ол есін жимады. Дәрігерлер ҚР бас балалар нейрохирургінің міндетін атқарушының нұсқауын орындап жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Тағы 1 науқас қазір Ақтөбе көпсалалы ауруханасында жатыр. Ол урология бөлімінің жансақтау бөлімінде болғанымен, есін біледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу