Ақтөбедегі жол апатынан екі адам ауруханада көз жұмды

998

Жол апатынан тағы 5 адам зардап шекті.

Ақтөбедегі жол апатынан  екі адам ауруханада көз жұмды

Темір ауданының орталығы Шұбарқұдықта екі көлік соқтығысып, жолаушылардың бәрі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Шұбарқұдықта Nissan Patrol көлігі мен Уаз соқтығысты. Оқиға 1 мамыр күні сағат 18:20-да болған.

"Nissan Patrol көлігінде – 2, ал Уазда – 5 адам болды. Бәрі де сол күні ауруханаға жеткізілді. Nissan Patrol жүргізушісінің жарақаты ауыр болып, сол күні көз жұмды. Тағы бір науқас отадан соң жан тапсырды. Ал тағы бірі отадан соң ем қабылдап жатыр. Санавиация шақырылып, кеше екі науқасты жолға дайындады. Бүгін сағат 11:00-де емді жалғастыру үшін 2 адамды облыс орталығына алып кетті", – дейді Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері Есентемір Демегенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу