Ақтөбелік дәрігерлер сұмдық жол апатынан аман қалған пациенттердің жағдайы туралы айтты

513

Мұғалжар аудандық ауруханасына 4 адам түскен. 

Ақтөбелік дәрігерлер сұмдық жол апатынан аман қалған пациенттердің  жағдайы туралы айтты Фото: inbusiness.kz

63 жастағы ер адам бас миы қатты жарақаттанған,  ауыр халде, комада. Жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған үш жолаушы травматология бөліміне жатқызылған. Жабық бас- ми жарақаты, бірнеше жерден дене жарақатын алған. Жағдайлары – орташа ауыр күйде. Естеріңізге салсақ, кеше Ақтөбе облысында көлік апатынан 7 адам мерт болған еді. Жантүршігерлік оқиға Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған.  ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі   жанама жолдан негізгі   жолға  шығып кетіп, "Лада Ларгус" көлігіне соғады. Соққыдан жеңіл көлік  қарсы бетте келе жатқан "Киа Сорентоға" түйіскен. Марқұмдар- Темір ауданы Кеңқияқ ауылының тұрғындары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу