Қала тұрғыны өзенге балық аулауға келген екен. Көлігін жағаға қаңтарып, өзі қармағын өзенге салып отырған. Кенет көлік өзінен-өзі суға қарай құлап кетеді.
Абдырап қалған қожайыны лезде құтқару қызметіне хабарласыпты.
Абырой болғанда, автомобильдің ішінде ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар арнайы техника көмегімен көлікті су астынан алып шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу