Ақтөбелік мемлекеттік қызметшілер тұрғындар сауалына онлайн жауап беруде

758

 Мың жарымға жуық азаматтан 200-ден астам сұрақ түскен.  

Ақтөбелік мемлекеттік қызметшілер тұрғындар сауалына онлайн жауап беруде

Мемлекеттік қызметшілер тұрғындардың сауалына онлайн жауап беруде, деп хабарлайды "Хабар 24".

Әлеуметтік желілердің мүмкіндігін игілікке жарату тәжірибесі "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде қолға алынған. Бүгінге дейін жергілікті 6 басқарманың жетекшісі тікелей эфирге шығып, сұрақтарға жауап берді. Бірінші кезекте әлеуметтік салаға жауапты қызметкерлер шақыртылған. Мың жарымға жуық азаматтан 200-ден астам сұрақ түсті. Бұл диалог алаңына алдағы уақытта барлық мемлекеттік мекеме өкілдері келетін болады. Қазіргі таңда тікелей эфирдің кестесі құрылып, интернет бетіне күнделікті аңдатпасы шығарылады. Тұрғындар тарапынан да қызығушылық күн санап артып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу