Ақтөбелік полицейлер қоқыстан өлі табылған сәбидің анасын тапты

598

Нәресте екі күн бұрын Ақтөбедегі қоқыс полигонынан табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтөбелік полицейлер қоқыстан өлі табылған сәбидің анасын тапты

"23 қазанда Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы маңындағы Рождество – Донское тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан жаңа туған баланың мәйіті табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 1995 жылғы әйелді анықтады. Әйелдің айтуынша, ол өлі баланы үйінде босанып, қорқып, қоқыс жәшігіне апарып тастаған", – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті өкілдері.

Қазір аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен ("Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу